Еуро қымбаттады: айырбастау пункттеріндегі соңғы бағам қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,22 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,34 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 605, сату құны — 609.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 601 теңгеден сатып алынып, 608 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,52 - 6,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 26 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,50 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,61 теңге. Еуро — 601,62
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.