Еуроодақ Қырым мен Севастопольге қатысты санкцияларын ұзартты

АСТАНА. KAZINFORM — Еуроодақ кеңесі дүйсенбі, маусымның 16-сы күні Ресейдің Қырым түбегі мен Севастополь қаласын заңсыз аннексиялауына жауап ретінде Еуропалық Одақ 2014 жылы маусымда салған санкцияларын тағы бір жылға ұзартты. 

Еуроодақ Қырым мен Севастопольге қатысты санкцияларын ұзартты
Фото: DW/Y. Vishnevetskaya

Брюссель әңгіме аннексияланған Қырымнан Еуропалық Одаққа тауарлар мен қызметтердің импортына тыйым салу, түбектің экономикасына инвестиция салу, сондай-ақ көлік, телекоммуникация, энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі үшін тауарлар мен технологияларды жеткізу жөнінде екенін еске салды.

Еуропалық Одақ Кеңесі пресс-релизінде атап өткендей, 2022 жылдан бастап Ресей Федерациясы Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзып, бұл елге қарсы кең ауқымды соғыс бастады.

— Еуропалық Одақ Украинаның халықаралық мойындалған шекараларындағы тәуелсіздігіне, егемендігі мен аумақтық тұтастығына және оның Ресей агрессиясынан өзін-өзі қорғауға деген ажырамас құқығына берік, - делінген мәтінде.

Ресей Федерациясының Украинаға қарсы әскери агрессиясына жауап ретінде Брюссель Мәскеуге қарсы 17 санкция пакетін енгізді. Олардың соңғысы Ресей мұнайын экспорттау үшін қолданатын «көлеңкелі флоттың» тағы 200 кемелеріне шектеулерді қамтиды. Сонымен қатар Еуропалық Одақтың санкция тізіміне 75 жаңа заңды және жеке тұлға қосылды.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Еуропалық Одақтың келесі, 18-санкциялар пакеті ресейлік қаржы секторына бағытталады.

Атап айтқанда, тағы 20 ресейлік банкті халықаралық SWIFT төлем жүйесінен ажырату талқылануда. Тағы бір ықтимал қадам ресейлік мұнай бағасының шегін барреліне 60 доллардан 30 долларға дейін төмендету болып табылады.

Еске сала кетейік, Росатом санкцияға түссе, Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС-тің тағдыры не болатыны жайлы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар