Еуропа лигасы: «Реал Бетис» пен «Ноттингем Форест» тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Еуропа лигасы негізгі кезеңіндегі бірінші турының алғашқы ойын күні өтті.

Еуропа лигасы: «Реал Бетис» пен «Ноттингем Форест» тең түсті
Фото: TRT

Бұл күнгі ойындардың арасында жанкүйерлер тарапынан «Реал Бетис» (Испания) пен «Ноттингем Форест» (Англия) кездесуіне қызығушылық болды. Кездесу барысында командалар жеңімпазды анықтай алған жоқ. Олар 2:2 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Ойындар нәтижесі

«Мидтьюлланн» (Дания) — «Штурм» (Аустрия) 2:0

ПАОК (Грекия) — «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) 0:0

«Спортинг Брага» (Португалия) — «Фейеноорд» (Нидерланд) 1:0

«Црвена Звезда» (Сербия) — «Селтик» (Шотландия) 1:1

«Динамо Загреб» (Хорватия) — «Фенербахче» (Түркия) 3:1

«Мальмё» (Швеция) — «Лудогорец» (Болгария) 1:2

«Ницца» (Франция) — «Рома» (Италия) 1:2

«Реал Бетис» (Испания) — «Ноттингем Форест» (Англия) 2:2

«Фрайбург» (Германия) — «Базель» (Швейцария) 2:1.

Бұл турдағы өзге ойындар бүгін, 25 қыркүйеккете одан әрі жалғасады.

Ойындар кестесі

«Гоу Эхед Иглс» (Нидерланд) — ФКСБ (Румыния)

«Лилль» (Франция) — «Бранн» (Норвегия)

«Астон Вилла» (Англия) — «Болонья» (Италия)

«Глазго Рейнджерс» (Шотландия) — «Генк» (Бельгия)

«Янг Бойз» (Швейцария) — «Панатинаикос» (Түркия)

«Ред Булл Зальцбург» (Аустрия) — «Порту» (Португалия)

«Утрехт» (Нидерланд) — «Лион» (Франция)

«Ференцварош» (Венгрия) — «Виктория Пльзень» (Чехия)

«Штутгарт» (Германия) — «Сельта» (Испания).

Сондай-ақ аталған турдың үшінші ойын күні 26 қыркүйек күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар