Еуропа лигасы: «Астана» «Будучность» командасына жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында Черногорияның «Будучность» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл матч Алматы қаласындағы орталық стадионда өтті. Себебі, елордадағы «Астана-арена» стадионы ойын өткізуге дайын емес.

Бүгінгі кездесуде елордалық клуб тізгінді өз қолына алуға тырысты. Десе де бірінші кезеңде қарсылас команда қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Есесіне черногориялық футболшы Василие Тарзич есеп ашып кетті.

Екінші кезеңде елордалық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен олар көптеген мүмкіндікті тиімді пайдалана алған жоқ. Ойында «Будучность» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жарысты черногориялық клуб жалғастырады.

Черногориялық клуб1925 жылы құрылған. Команда ел астанасы – Подгорице қаласының намысын қорғайды. Клуб 1946 жылы Югославия жоғары лигасына шыққан черногориялық тұңғыш команда болды. 1964/65 және 1976/77 жылғы кезеңде Югославия кубогы финалына дейін жетті.

Енді Еуропа лигасында Алматының «Қайраты» Израильде жергілікті «Маккаби» (Хайфа) клубымен шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 23.00-де басталады. Екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгін Қызылорданың «Қайсары» Шымкентте Кипрдің АПОЭЛ командасынан 1:4 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ал Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысында Шымкенттің «Ордабасы» командасы Румынияның «Ботошани» клубынан 1:2 есебімен сүрінген болатын.


Соңғы жаңалықтар