Еуропалық одақ КХДР-ға салынатын санкцияны күшейтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕО билігі елдегі ядролық және зымыран бағдарламалары аясында жалғасып жатқан сынақтарға байланысты КХДР-ға салынатын санкция пакетін жетілдіріп жатыр.

Еуропалық одақ КХДР-ға салынатын санкцияны күшейтпек

Бұл жайлы ЕО-тың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерико Могерини мәлімдеді.

«Бүгін мен министрлерден алдағы күндері КХДР-ына қарсы санкцияларды күшейту бойынша жұмыс істеуді сұраймын», - деді Федерико Могерини.

3 қыркүйек күні Пхеньян құрлықаралық баллистикалық зымыранға оқ ретінде пайдаланылатын жаңа сутек бомбасы сынамасының сәтті жүргізгенін хабарлады.

КХДР-ының кезекті ядролық сынағы халықаралық қоғамдастықтың назарын бірден аударды.

Осыған байланысты, АҚШ КХДР-ға қарсы санкциялық тәртіпті күшейтуді ұсынып, БҰҰ-ының тиісті қарар қабылдауын талап етті.