12:19, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде Астана әуежайында жолаушылар ағыны жылына 5 млн. адамға дейін артады
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде Астана әуежайында жолаушылар ағыны жылына 5 млн. адамға дейін артады. Бұл туралы бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында таратылған мәліметтерде хабарланды.

Қазақстан елордасының әуе кеңістігін кеңейту мақсатында Көлік және коммуникация министрлігі мен «Астана» халықаралық әуежайы жаңа халықаралық бағыттар ашу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
«2017 жылға қарай «Астана» халықаралық әуежайынан жылына жөнелтіп және қарсы алатын рейстер санын 20 мыңға, сондай-ақ жолаушылар санын 5 миллионға жеткізу жоспарланып отыр», - делінген әкімдік мәліметтерінде.