Филиппиндегі қуатты жер сілкінісі салдарынан 7 адам мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM – Филиппинде 10 қазан күні болған 7,4 және 6,7 магнитудалық екі жер сілкінісі салдарынан 7 адам мерт болды, деп хабарлайды Анадолы.

Филиппиннің табиғи апаттардың қауіпін азайту және оларды басқару жөніндегі кеңес мәліметтерінше, зілзала 8 мың 436 адамның өміріне залалын тигізген.
Хабарламаға сәйкес, 1 265 адам қауіпсіз аудандарға көшірілді, ал 7915 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Қазаматтық қорғаныс басқармасының хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан 7 адам мерт болып, 11 адам зардап шеккен.
Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында магнитудасы 7,4 және 6,7 болатын екі күшті жер сілкінісі шамамен 10 сағат айырмашылықпен болды.
Бұған дейін, 30 қыркүйекте, Паломпонның батыс жағалауында магнитудасы 6,9 жер сілкінісі тіркеліп, соның салдарынан 70-тен астам адам қаза тапқан болатын.
Филиппин — сейсмикалық белсенділігі ең жоғары елдердің бірі. Ел аумағы Тынық мұхитындағы «Отты шеңбер» деп аталатын аймақта орналасқан. Бұл аймақ жанартаулық және жер сілкінісі белсенділігі жоғары аймақ ретінде белгілі.
Осыған дейін хабарлағанамыздай, Филиппинде цунами қаупі туралы ескерту жарияланған болатын.