Филиппиндегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 55-ке жетті
АСТАНА.KAZINFORM - Филиппиннің Минданао аралының жағалауындағы жер сілкінісінен 1120 адам жарақат алып, кем дегенде 55 адам қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа.
Ұлттық апат қаупін азайту және басқару кеңесінің мәліметі бойынша, аралда іздеу-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жер сілкінісі Минданао аралындағы мектептер, ауруханалар және тұрғын үйлерді қоса алғанда, шамамен 1900 ғимаратқа зақым келтірді. Олардың 1500-і толығымен қирады.
Хенераль-Сантос қаласында төтенше жағдай жарияланды. Халықаралық әуежайға зақым келтіріліп, бұл рейстердің тоқтатылуына әкеп соқты.
Бұған дейін Филиппинде 7,8 балдық жер сілкінісі болып, цунами қаупі жарияланғанын хабарлаған едік.