FlyArystan әуе компаниясының алғашқы ұшағы Алматыға қонды
«FlyArystan әуе компаниясының алғашқы ұшағы Алматы әуежайына ұшып келді. Он күннен кейін лоукостер тұрақты рейстерді орындауды бастайды», - деп нақтыланған таратылған мәліметте.
Бұдан бұрын хабарланғандай, отандық лоукостер «Fly Arystan» компаниясын іске қосу билет бағасын төмендету есебінен тұрғындардың әуе көлігіне қолжетімдігін қамтамасыз етуге негізделген.
Биылғы 1 мамырда «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағдары бойынша алғашқы әуе сапарын жүзеге асыру жоспарланған. Жалпы, бастапқы кезеңде 6 бағытты іске қосу ескерілген. Бұл ретте «Алматы-Қарағанды», «Алматы-Тараз», «Алматы-Орал», «Алматы-Павлодар» және «Алматы-Шымкент» рейстері қамтылады. Әуе билеттерін сату шаралары биылғы 29 наурызда басталып кетті. Осы бағыттардағы тарифтер 3 999 теңгеден басталып, 12 999 теңгеге дейін жетеді. 2023 жылға қарай әуе бағдары желісін 54-ке дейін жеткізу қарастырылып отыр.