Франция 2027 жылы әскери бюджетін ұлғайтпақ
АСТАНА. KAZINFORM — Франция 2027 жылы өзінің әскери бюджетін 64 млрд еуроға дейін арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макрон елдің оңтүстігіндегі Истр авиабазасында француз әскери қызметшілері алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
— Мақсат — 2027 жылға қарай жылдық бюджетті 64 млрд еуроға жеткізу, — деді мемлекет басшысы.
Оның сөзі X әлеуметтік желісінде тікелей көрсетілді.
Эмманюэль Макрон бұған дейін мұндай мақсат 2030 жылға белгіленгенін еске салды.
Қазіргі уақытта Францияның әскери шығындары 50,5 млрд еуроны құрайды. Ал 2017 жылы, Макрон Франция президенті болып сайланған кезде, елдің қорғанысқа жұмсаған шығындары 32,3 млрд еуро болған.
Осыдан бұрын Француз үкіметі 6 ақпанда Гренландия астанасы Нуукта консулдық ашатынын жариялады. Бұл аймаққа бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамп қызығушылық танытып, оны өз бақылауына алғысы келген.