Франция балалар арасындағы «Евровидениеде» жеңіске жетті

Францияның Ницца қаласында балалар арасындағы «Евровидение» халықаралық байқауының финалы өтті. Кazinform бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

балалар евровидениесі
Фото: Kazinform

Нәтижесінде Франция екінші жыл қатарынан жеңіске жетті. Екінші орын Арменияның, үшінші орын Испанияның жас әншілеріне бұйырды.

13 жастағы Зоия Клозюр Францияда айтарлықтай танымал әнші. Ол мектептегі буллингке қатысты Cœur («Жүрек») поп-композициясын орындады. «Бұл – өте өзекті тақырып және ол мен үшін өте маңызды. Себебі төмен сыныптарда мен мұнымен бетпе-бет келгенмін», - деді жас әнші француз БАҚ-тарына.

Айта кетейік, бұл Францияның Junior Eurovision байқауында екінші жыл қатарынан және төрт жылда үшінші рет жетіп отырған жеңісі.

Соңғы жаңалықтар