Францияда 34 полиция қызметкері жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM — Францияда үкімет саясатына қарсы «Барлығын бұғаттаңдар» ұранымен өткен наразылықтарға 200 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Франция Ішкі істер министрлігінің соңғы деректеріне сәйкес, 10 қыркүйек күні өткен наразылық барысында ел бойынша 675 адам қамауға алынды, соның ішінде Парижде – 280 адам. Сондай-ақ 549 адам уақытша қамауға алынды.
Салдарынан 34 полиция қызметкері жеңіл жарақат алды: олардың ішінде 19 – ұлттық полиция қызметкерлері, 14 – Париж полиция басқармасының қызметкерлері және 1 жандарм.
Франция Ішкі істер министрі Брюно Ретайо 10 қыркүйек күні кешкі баспасөз конференциясында тәртіп сақшылары ел аумағында түрлі нысандарды, соның ішінде жол айырықтары мен қоймаларды «бұғаттаудан босатуға» бағытталған шамамен 50 операция жүргізгенін хабарлады.
Оның айтуынша, билік «елді бұғаттап тастағысы келгендердің әрекетін сәтсіздікке ұшырата алды».
Айта кетелік Францияда 200-ден астам адам қамауға алынған еді.