Францияда өткен жылы аптап ыстықтан 3 711 адам көз жұмған

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылдың жазы Франциядағы ең ыстық сегізінші жаз ретінде тіркелді. 2024 жылы Францияда аптап ыстықтан 3 711 адам қайтыс болды, деп жазады Анадолы.

Токиода шілде айындағы аптап ыстықтан 120 адам қаза тапты
Фото: romatomorrow.it

Францияның денсаулық сақтау ұйымы жариялаған мәліметтерге сәйкес, өткен жылы қатты ыстықтан қайтыс болғандардың төрттен үші - 75 жастан асқан адамдар.

17 000-нан астам адам ыстыққа байланысты пирексия, сусыздану және гипонатриемия сияқты шағымдары бойынша шұғыл көмек алған, 10 000-нан астам адам ауруханаға жатқызылған.

2024 жылдың жазы Франциядағы ең ыстық сегізінші жаз ретінде тіркелді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада аптап ыстықтан жылына 175 мыңнан астам адам көз жұматынын хабарлады.

Токиода өткен жылы шілде айындағы аптап ыстықтан 120 адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар