Францияда Жаңа жыл түні 1000-нан астам көлік өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Францияның ішкі істер министрлігі жариялаған статистикаға сәйкес, елде Жаңа жыл түні өртенген көліктер саны 1000-нан асты, деп хабарлайды ТАСС.

Францияда Жаңа жыл түні 1000-нан астам көлік өртенді
Фото: Pixabay

— Біз өткен жылмен салыстырғанда өрттен (қасақана өртеу, өрттің таралуынан) зақымданған автокөліктер санының өскенін атап өттік. Биыл 1173 көлік өртенді, ал былтырғы көрсеткіш 984 болды, — делінген ақпаратта. 

Жаңа жыл түні полиция қызметкерлеріне бұзақылар бірнеше рет шабуыл жасады. Оқиғалардың көбі елдің солтүстігі мен шығысында болды, ең ауыр қақтығыстар Страсбургте тіркелді. Осыған қарамастан, Ішкі істер министрлігі бұл оқиғалар өткен жылмен салыстырғанда «ауыр емес» деп есептейді.

Жаңа жыл түні полицейлер мен жандармдар барлығы 505 адамды ұстады, оның 403-і қамауға алынды. Парижде 125 адам ұсталды, олардың 75-і негізінен зорлық-зомбылық пен вандализм үшін қамалды. Париж префектурасы елордада бір түнде бірде-бір көлік өртенбегенін баса айтты. Қаланың инфрақұрылымын өртеу оқиғасы тіркелген жоқ.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі өткен жылдың 31 желтоқсанында сағат 17:00–де заңсыз алынған 96 мың дана пиротехникалық заттар тәркіленгенін хабарлады. Билік отшашудан 22 жарақат алғанын, олардың ең жасы 12 және 13 жаста екенін хабарлады.

Францияның Ішкі істер министрлігі жаңа жыл қарсаңында 90 мың полиция мен жандармды қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартты. Оның 10 мыңға жуығы Париж көшелерінде және оған жақын маңда кезекшілікте болды. Ведомство басшысы Лоран Нуньес префектілерге вандализм мен зорлық-зомбылық жағдайында «қатал әрекет ету» туралы тапсырма бергенін айтты.

Айта кетейік, Францияның ұлттық пошта операторы La Poste ауқымды кибершабуылға тап болды.

Соңғы жаңалықтар