Франциялық қор қатерлі ісікті ерте анықтайтын цифрлық маммографтарды тарту етті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Франция арасында телемедицинаны пайдалану арқылы сүт безі обырын ерте анықтайтын FASEP жобасы іске қосылды. Осылайша, елорданың үш медициналық мекемесіне 3D-томосинтез функциясы бар цифрлық маммограф жеткізілді. 

Франциялық қор қатерлі ісікті ерте анықтайтын цифрлық маммографтарды тарту етті
Фото: MEAE / Emily Bücker

3D-томосинтез функциясы бар цифрлық маммограф − ісіктерді жоғары дәлдікпен ерте анықтауға мүмкіндік беретін заманауи визуализациялау жүйесі. 

Франциялық қор қатерлі ісікті ерте анықтайтын цифрлық маммографтарды тарту етті
Фото: MEAE / Emily Bücker

Бастама Француз әлеуметтік көмек қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстанда сүт безі обырын скринингтеуге арналған диагностикалық визуализациялау шешімдері» бағдарламасы шеңберінде іске асып отыр. 

− Біз бұл аппараттың диагностика сапасын арттырып, жалған оң нәтижелердің санын азайтуға, жаңа ісіктермен тіркелген нуқастарды тиімді бақылауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бүгін біз еліміздегі әйелдер денсаулығын жақсарту жолында маңызды қадам жасап отырмыз, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Франциялық қор қатерлі ісікті ерте анықтайтын цифрлық маммографтарды тарту етті
Фото: MEAE / Emily Bücker
MEAE / Emily Bücker
Фото: MEAE / Emily Bücker

Жабдықтар Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету орталығына, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына және Астана қаласындағы №7 қалалық емханаға берілді.

MEAE / Emily Bücker
Фото: MEAE / Emily Bücker
MEAE / Emily Bücker
Фото: MEAE / Emily Bücker
MEAE / Emily Bücker
Фото: MEAE / Emily Bücker

Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Франция арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға арналған Қазақстан-Франция бизнес-форумы өтті. Қазақстанда француз инвестициясы бар 170 компания жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар