Футбол: «Ақтөбенің» бас бапкерлігіне Беларусь маманы Алексей Бага келді

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусь маманы Алексей Бага футболдан қазақстандық «Ақтөбе» командасының бас бапкері болды. Бұл ақпаратты команда ресми түрде растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: «Ақтөбенің» бас бапкерлігіне Беларусь маманы Алексей Бага келді

Айта кетейік, жекелеген ақпарат құралдарында Алексей Бага «Ақтөбенің» Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқаны, соған қарамастан командамен келісімшартқа әлі қол қоймағаны жөнінде хабарланған еді.

Аталған мәліметті ақтөбелік ұжым басшылығы жоққа шығарды.

«Бұл дерек ешқандай шындыққа сай келмейді. Алексей Багамен келісімшартқа қаңтар айының басында қол қойылған болатын», - деп мәлім етті команда басшылығы.

Алексей Бага 1981 жылы 4 ақпанда дүниеге келген. Футболдағы мансабында Беларусьтің БАТЭ, «Смена»-БАТЭ, РШВСМ-«Олимпия», «Динамо» (Брест) және Латвияның «Даугава» командаларында ойнаған. 2011 жылдан бері Беларусьтің БАТЭ командасында бас бапкердің көмекшісі, міндетін атқарушы, бас бапкер, Латвияның «Жальгирисінде» бас бапкер қызметтерін атқарды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Андрей Карповичтің «Қызылжарға», Вардан Минасян «Таразға» бас бапкер болғаны хабарланған еді.