Футбол: Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 қарашада футболдан Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен 19.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Олардың барлығы жолдастық кездесу болып табылады. Төрт кездесуде қазақстандық футболшылар басымдық танытса, бір ойында тең нәтиже тіркелді.

Соңғы рет екі құрама 2014 жылдың 12 тамызында кездесіп, ол жолы қазақстандық футболшылар 2:1 есебімен басым түсті.

FIFA жариялаған соңғы рейтингте Қазақстан 124, Тәжікстан 121- орында келеді.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысында қазақстандық құрама D тобында сынға түсті. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Ұлттық құрама небәрі үш ұпай жинап, өз тобында соңғы орынды місе тұтты.


Соңғы жаңалықтар