Футбол: Қазақстан жастары Бельгияға жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Бельгияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: Қазақстан жастары Бельгияға жол берді

Аталған кездесу Ақтөбе қаласында өтті. Қазақстандық белгілі маман Қайрат Нұрдәулетов жетекшілік ететін жастар құрамасы қарсыластарына 1:3 есебімен жол берді. Бельгиялықтар сапынан Килин Сарделла - 28, Амаду Онана - 45, Лоис Опенда 75-минуттарда соққан голдарға қазақстандық Абылайхан Жұмабек 43-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы I тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бельгия, Дания, Шотландия, Түркия құрамалары.

Жастар ендігі ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Данияға қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық кездесу өткізуде.