Футбол: Кот-д’Ивуар - Африка ұлттары кубогының иегері

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Кот-д’Ивуар Африка ұлттары кубогының иегері атанды. Финалда олар Нигериядан басым түсіп, өз тарихында үшінші мәрте чемпион болды. Финалда Нигерия мен Кот-д’Ивуар бас жүлдені сарапқа салды.

«Атырау» футбол клубының құрамы жаңа ойыншылармен толықты
Фото: pexels.com

Финалдық ойын 11 ақпанда Кот-д’Ивуар елінің Абиджан қаласындағы ұлттық стадионда өткізілді.

Финалдық кездесу құрамалардың алма-кезек шабуылымен өрбіді. 

Ойынның 38-минутында нигериялық Виллиам Трост-Эконг есеп ашты.

Екінші кезеңде Кот-д’Ивуар құрамасы екі гол соғып кетті. Олардың қатарынан Франк Кессье 62, Себастьен Аллер 81-минутта мергендік танытты.

Осылайша Кот-д’Ивуар 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Ал 3-орын үшін сайыс 10 ақпанға белгіленген.

Африка ұлттары кубогы 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Содан бері Египет құрамасы чемпиондық атақты 7 мәрте жеңіп алды.

Сондай-ақ, Камерун - 5, Гана - 4, Нигерия - 3, Кот-д’Ивуар, Алжир, Конго Демокртаиялық Республикасы - 2, Замбия, Судан, Тунис, Сенегал, Эфиопия, Оңтүстік Африка, Марокко, Конго - 1 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ биыл Еуропа чемпионаты (14 маусым-14 шілде), Америка кубогы (20 маусым-14 шілде) ойындары жалауын көтереді.