Футбол: «Тобыл» өз алаңында «Шахтерден» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі бірінші турының алғашқы ойын күні «Тобыл» және «Шахтер» кездесуімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда да биылғы доп додасына тыңғылықты дайындалды. Өткен жылы «Тобыл» ел біріншілігінде төртінші орын алып, еурокубок ойындарынан тыс қалып қойды. Сол кеткен есені биыл қайтаруға тырысады. Команда құрамына көптеген жаңа ойыншылар шақыру алды. Бас бапкер қызметіне қазақстандық маман Григорий Бабаян келді. Осындай өзгерістер «Шахтер» тарапынан да жасалды. Команда тізгінін ресейлік маман Вячеслав Грозный ұстаса, көптеген жаңа футболшылар кеншілер клубы қатарын толықтырды.

Бүгінгі кездесу тартысты өрбіді. Қос команда да шабуыл шебінде жиі бой көрсетті. Ойынның 17-минутында Роман Муртазаев «Тобылды» алға шығарса, «Шахтер» сапынан Арсен Хубулов таразы басын теңестірді. Ойынның 87-минутында қостанайлық ойыншы Азат Нұрғалиев өз командасын тағы алға шығарса, 88-минутта оның командалас әріптесі Лука Зарандия қорытынды есепті белгіледі.

Сондай-ақ, бүгін «Астана» «Қызылжарды» 4:0, «Қайрат» «Таразды» 2:1, «Ордабасы» «Оқжетпесті» 1:0 есебімен тізе бүктірді .

Алғашқы турдың қалған екі ойыны 8 наурызда өтеді. Қызылордада «Қайсар» мен Павлодардың «Ертісі», Ақтауда «Каспий» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары кездеседі
Соңғы жаңалықтар