Футболдан ӘЧ-2022: Франция чемпиондық атағын қорғай ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанкүйерлер әлем чемпионатында әрбір құраманың шеберлік деңгейін саралап отырады. Әдетте, жаһандық футболда Францияның жөні бөлек. Кіл мықтылар жиналған құрама бұл жолы да өз биігінен табыла ала ма? Төрт жыл бұрын дүбірлі додада бас жүлде алған олардың чемпиондық атағын қорғауға шамасы келе ме? Бұл үшін алдымен топтық кезеңнен асуы керек. Жарыстың аталған сатысында оларға негізінен Дания басты қарсыласы болуы мүмкін. Мамандар осылай бағалап отыр. ҚазАқпарат тілшісі D тобына көз салып, сараптап көрген еді.

D тобы: Франция, Австралия, Дания, Тунис


Франция

2018 жылғы әлем чемпионы - Франция құрамасы доп додасы алдында біршама проблемаға тап болып отыр. Француздардың орталық алаңындағы негізгі ойыншылар Н'Голо Канте мен Поль Погба жарақат алып қалды. Жанкүйерлер арасында бас бапкер Дидье Дешам әлем чемпионатынан кейін орнын Зинедин Зиданға босатуы мүмкін деген әңгіме бар.

Осыған қарамастан Франция өзінің жоғары деңгейлі құрама екенін дәлелдеуі тиіс. Құрамында «Алтын доптың» жаңа иегері Карим Бензема бар екенін ескерсек, олардан үлкен үміт күтуге болатынын аңғару қиын емес.

Кейінгі үш доп додасында үш әлем чемпионы топтық кезеңнен ары аса алмай жүр. Мұндай сәтсіздіктен Франция құрамасы сырт айналып өте ала ма? Топтық кезеңнен іркілмей өткен жағдайда Франция кем дегенде жартылай финалға дейін жетуге мүмкіндігі зор.

Бас бапкер – Дидье Дешам

Қақпашылар: Альфонс Ареоля («Вест Хэм», Англия), Уго Льорис («Тоттенхэм», Англия), Стив Манданда («Ренн»).

Қорғаушылар: Лукас Эрнандес («Бавария», Германия), Тео Эрнандес («Милан», Италия), Преснель Кимпембе (ПСЖ), Ибрагима Конате («Ливерпуль», Англия), Жюль Кунде («Барселона», Испания) Бенджамин Павар («Бавария», Германия), Уильям Салиба («Арсенал», Англия), Дайот Упамекано («Бавария», Германия), Рафаэль Варан («Манчестер Юнайтед», Англия).

Жартылай қорғаушылар: Эдуардо Камавинга («Реал», Испания), Юссуф Фофана («Монако»), Маттео Гендузи («Марсель»), Адриен Рабьо («Ювентус», Италия), Орельен Чуамэни («Реал», Испания), Джордан Верету («Марсель»).

Шабуылшылар: Карим Бензема («Реал», Испания), Кингсли Коман («Бавария», Германия), Усман Дембеле («Барселона», Испания), Оливье Жиру («Милан», Италия), Антуан Гризманн («Атлетико», Испания), Килиан Мбаппе (ПСЖ) және Кристофер Нкунку («РБ Лейпциг», Германия).


Австралия

Австралия құрамасы әлем чемпионатына Азия аймағынан іріктеу сатысының топтық кезеңінде үшінші орын алды. Бұдан кейін өтпелі ойында Біріккен Араб Әмірлігін артта қалдырды. Құрлықаралық өтпелі ойында Перуді пенальтиден жеңді. Осылайша әлем чемпионатына жолдамаға әрең қол жеткізді.

Қазір құрама сапында Тим Кэхилл мен Харри Кьюэлл секілді жұлдыздар жоқ. Қазіргі құрамдағы футболшылардың арасында ең белгілісі Данияның «Копенгаген» командасының екінші қақпашысы Мэтью Райанды атап өтуге болады. Мамандар осындай себептерге байланысты Австралияның плей-офф сатысына шығу мүмкіндігі өте төмен екенін айтады.

Бас бапкер – Грэм Арнольд

Қақпашылар: Эндрю Редмейн («Сидней»), Мэтью Райан («Копенгаген», Дания), Дэнни Вукович («Сентрал-Кост Меринерс»).

Қорғаушылар: Натаниэль Аткинсон («Хартс», Шотландия), Азиз Бехич («Данди Юнайтед», Шотландия), Милош Дегенек («Коламбус Крю», АҚШ), Томас Денг («Альбирекс Ниигата», Жапония), Фран Карачич («Брешия», Италия), Джоэл Кинг («Оденсе», Дания), Кай Роулз («Хартс», Шотландия), Гарри Суттар («Сток Сити», Англия), Бейли Райт («Мидлсбро», Англия).

Жартылай қорғаушылар: Киану Баккус («Сент-Миррен», Шотландия), Мартин Бойл («Хиберниан», Шотландия), Джейсон Каммингс («Сентрал-Кост Меринерс»), Кэмерон Девлин («Хартс», Шотландия), Айдин Хрустич («Верона», Италия), Джексон Ирвайн («Санкт-Паули», Германия), Мэтью Лекки («Мельбурн Сити»), Авер Мабил («Кадис», Испания), Райли Макгри («Мидлсбро», Англия), Аарон Муй («Селтик», Шотландия).

Шабуылшылар: Митчелл Дюк («Фаджиано Окаяма», Жапония), Крейг Гудвин («Аделаида Юнайтед»), Джейми Макларен («Мельбурн Сити»), Гаранг Куол («Сентрал-Кост Меринерс»).


Дания

Дания құрамасы былтырғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Сондықтан олар Катар төрінде де жанкүйер көңілінен шығатын ойын көрсетеді деген болжам айтылуда.

Аталған турнирдегі құрам толық сақталып қалды. Ең бастысы, құрама көшбасшысы Кристиан Эриксен алаңға қайта оралды. Жанкүйерлер жартылай қорғаушының құрлықтық додадағы алғашқы ойында жүрегі тоқтап, дәрігерлер жасыл алаң жиегінде тікелей эфирде өмірін сақтап қалғанын ұмыта қойған жоқ. Соған қарамастан ол қайтадан жоғары деңгейде ойын көрсету үшін қайта оралды. Бұл құрамаға қосымша күш беруі мүмкін.

Мамандар Дания топтық кезеңнен өте алатынын айтады. Алайда егер 1/8 финалда Аргентинаға жолығып жатса, оларды айналып өтуі екіталай.

Бас бапкер – Каспер Хьюлманд

Қақпашылар: Каспер Шмейхель («Ницца», Франция), Оливер Кристенсен («Герта», Германия), Фредерик Рённов («Унион», Германия).

Қорғаушылар: Симон Кьер («Милан», Италия), Йоаким Андерсен («Кристалл Пелас», Англия), Йоаким Меле («Аталанта», Италия), Андреас Кристенсен («Барселона», Испания), Расмус Кристенсен («Лидс Юнайтед», Англия), Йенс Страйгер Ларсен («Трабзонспор», Түркия), Виктор Нельссон («Галатасарай», Түркия), Даниэль Васс («Брондбю»), Александер Бах («Бенфика», Португалия).

Жартылай қорғаушылар: Томас Дилейни («Севилья», Испания), Матиас Йенсен («Брентфорд», Англия), Кристиан Эриксен («Манчестер Юнайтед», Англия), Пьер-Эмиль Хейберг («Тоттенхэм», Англия), Роберт Сков («Хоффенхайм», Германия), Кристиан Нергор («Брентфорд», Англия).

Шабуылшылар: Андреас Сков Ольсен («Брюгге», Бельгия), Эспер Линдстрем («Айнтрахт», Германия), Андреас Корнелиус («Копенгаген»), Мартин Брейтвейт («Эспаньол», Испания), Каспер Дольберг («Севилья», Испания), Миккель Дамсгор («Брентфорд», Англия); Йонс Винд («Вольфсбург», Германия), Юссуф Поульсен («РБ Лейпциг», Германия)

Тунис

Тунис құрамасы төрт жыл бұрын Ресейде өткен әлем чемпионатында Панамадан ғана басым түсті. Десе де жанкүйерлер алғашқы турда олардың Англиядан ұпай олжалауға жақын болғанын ұмыта қойған жоқ. Айта кетерлігі, құрама сапында әлемге танымал ойыншылар жоқ. Құрама футболшылары негізінен жергілікті командаларда доп тебеді.

Мамандар Тунис топтық кезеңнен шығып жатса, сенсация болатынын жасырып отырған жоқ. Әрине, олар Австралияны жеңуі әбден мүмкін.

Бас бапкер – Джалель Кадри

Қақпашылар: Аймен Дамен («Сфаксьен»), Муэз Ассен («Клуб Африкен»), Бешир Бен-Саид («Монастир»), Аймен Матлути («Этуаль дю Сахель»).

Қорғаушылар: Али Абди («Кан», Франция), Мохамед Дрегер («Люцерн», Швейцария), Али Маалуль («Аль-Ахли», Египет), Уажди Кешрида («Атромитос», Грекия), Надер Гандри («Клуб Африкен»), Яссин Мерья («Эсперанс»), Билл Ифа («Клуб Африкен»), Дилан Бронн («Салернитана», Италия), Монтасар Тальби («Лорьян», Франция).

Жартылай қорғаушылар: Элье Схири («Кельн», Германия), Гилан Шалали («Эсперанс»), Аисса Лаидуни («Ференцварош», Венгрия), Мохамед Бен-Ромдан («Эсперанс»), Фержан Сасси («Аль-Духайль», Катар), Анибаль Межбри («Бирмингем», Англия).

Шабуылшылар: Юссеф Мсакни («Аль-Араби», Катар), Сейфедин Жазири («Замалек», Египет), Наим Слити («Аль-Иттифак», Сауд Арабиясы), Исам Жебали («Оденсе», Дания), Яссин Хениси («Аль-Кувейт», Кувейт), Анис Бен Слимане («Брондбю», Дания), Вахби Хазри («Монпелье», Франция).

D тобындағы ойын кестесі:

22 қараша

Дания - Тунис

Франция - Австралия

26 қараша

Тунис - Австралия

Франция - Дания

30 қараша

Тунис - Франция

Австралия - Дания

Еске салсақ, бұдан бұрын А тобындағы құрамалар жөнінде жазылған еді.

Сондай-ақ, В тобындағы құрамалар жөнінде хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар