Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы сапында Украинаға қарсы кімдер шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 31 наурызда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында cырт алаңда өтетін Украина және Қазақстан құрамалары арасындағы кездесуде алғашқы минуттан жасыл алаңға шығатын ойыншылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қақпада Стас Покатиловке сенім артты. Ал қорғаныста Руслан Валиуллин, Нұралы Әліп, Сергей Малый, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов , Айбол Әбікен, Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Серікжан Мужиков ойын көрсетеді. Ал шабуылда Абат Айымбетов шеберлігін көрсетеді.

Украина құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко қақпаға Анатолий Трубинді шығарса, қорғаныста Александр Зинченко, Богдан Михайличенко, Николай Матвиенко, Сергей Кривцов, Александр Караваевқа сенім артты. Жартылай қорғаныста Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко, Руслан Малиновский шықса, шабуыл гебінде Жуниор Мораэс пен Роман Яремчук бар.

Қазақстан мен Украина құрамасы бұған дейін төрт мәрте кездесті. Олардың барлығында қарсыласымыздың мерейі үстем болды.

Аталған ойында словениялық Матей Юг бас төреші қызметін атқарады. Оған сол елден келген Матей Жунич пен Грега Кордеж көмекші болады. Қосалқы төреші де - словениялық Славко Винчич.

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен Босния және Герцоговина өз алаңында Францияны қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар