Футболдан ӘЧ: Марокко тағы да сенсация жасай ала ма

Кездесу елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын Эр-Райян қаласындағы 44667 жанкүйерге арналған «Эдьюкейшн Сити» стадионында өткізіледі. Бас төреші - аргентиналық Фернандо Рапальини. Оған отандастары Хуан Пабло Белатти мен Диего Бонфа көмектеседі. Қосалқы төреші - бразилиялық Рафаэл Клаус.
FIFA рейтингінде Англия - 22, Сенегал 7-орында тұр.
Екі құрама өзінің тарихында үшінші мәрте кездесіп отыр. Біреуінде тең нәтиже тіркелсе, екеуінде испаниялық футболшылар басым түсті.
Топтық кезеңде Англия F тобында ойын көрсетті. Бельгияны 2:0, Канаданы 2:1 есебімен жеңіп, Хорватиямен 0:0 есебімен тең түсті.
Ал, Испания Е тобында Коста-Риканы 7:0 есебімен жеңіп, Германиямен 1:1 есебімен тең түсті. Ал Жапонияға 1:2 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ 6 желтоқсанда елорда уақытымен 1.00-де Португалия мен Швейцария кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын ширек финалға алтыншы жолдама Бразилияға бұйырды.
Сондай-ақ пенальти сериясында Жапонияны жеңген Хорватия ширек финалға шықты.
Фото: Reuters