Футболдан ӘЧ: Жапония мен Хорватия құрамалары кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалының үшінші ойын күнінде Жапония мен Хорватия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кездесу елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Эль-Вахра қаласындағы 68 965 жанкүйерге арналған «Эль-Джануб» стадионында өткізіледі.

Бас төреші - АҚШ-тан келген Исмаил Эльфат. Оған отандастары Кори Паркер пен Кайл Аткинс көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - алжирлік Мустафа Горбаль.

FIFA рейтингінде Жапония - 24, Сенегал 12-орында тұр.

Екі құрама өзінің тарихында үш мәрте кездесті. Екі құрама бірбірден жеңіске жетсе, бір кездесу тең нәтижеен аяқталды.

Топтық кезеңде Жапония Е тобында ойын көрсетті. Германия мен Испанияны 2:1 есебімен жеңіп, Коста-Рикаға 0:1 есебімен жол берді.

Ал, Хорватия F тобында Марокко және Бельгиямен 0:0 есебімен тең түсіп, Канаданы 4:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ 5 желтоқсанда елорда уақытымен 1.00-де Бразилия мен Оңтүстік Корея кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Еске салсақ. қазірге дейін ширек финада Аргентина мен Нидерланд, Англия мен Франция құрамалары кездеседі.


Фото: ДМИТРИЙ ГОЛУБОВИЧ, «ЧЕМПИОНАТ»

Соңғы жаңалықтар