Футболдан бірінші лигада алғашқы айналым аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында алғашқы айналым мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан бірінші лигада алғашқы айналым аяқталды

Естеріңізге сала кетелік, командалар екі конференция бойынша сынға түсіп жатыр. Екеуінде де жеті-жетіден команда бар.

Бірінші конференцияда жетінші турда «Байқоңыр» «Екібастұздан», «Арыс» «Мақтаралдан» - 2:1, «Ақтөбе» «Алтайдан» - 2:0 есебімен басым түсті. Көш басында 14 ұпаймен «Ақтөбе» келеді.

Одан кейінгі орындардағы «Қыранның» - 13, «Арыстың» - 10, «Мақтаралдың» - 7, «Алтай» мен «Екібастұздың» бес-бестен ұпайы бар. Ал «Байқоңыр» 4 ұпаймен көш соңында тұр.

Екінші конференцияда жетінші турда «Атырау» «Ақжайықты», «Қайрат-Жастар» «Шахтер-Болатты» - 1:0, «Жетісу Б» СДЮСШОР №8 клубын 2:1 есебімен жеңді.

Турнир кетесінде алғашқы үштікте «Атырау» - 16, «Ақжайық» - 11, СДЮСШОР №8 клубы - 10 ұпаймен келеді.

Одан кейінгі орындардағы «Академия Оңтүстікте» - 9, «Жетісу Б» клубында - 8, «Қайрат-Жастарда» - 4, «Шахтер-Болатта» - 1 ұпайдан бар.