Футболдан бірінші лигада «Каспий» алты тур бойы жеңіске жете алмай келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан бірінші лигада ақтаулық «Каспий» алты тур бойы жеңіске жете алмай келеді.

футбол
Фото: instagram.com/fc_elimai

Ақтаулық команда біріншілікті сәтті бастаған еді. Бірнеше тур бойы көш басында тұрды.

Алайда соңғы турларда жеңістің кілтін таба алмай жүр. 

Соның салдарынан турнир кестесінде сегізінші орынды місе тұтуға мәжбүр болып отыр. 

Ақтаулық команда он тоғызыншы турда сырт алаңда «Түркістан» клубымен кездесті. Ойын барысында командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді. 

Сондай-ақ аталған турда Түркістан облысының «Жетісайы» өз алаңында Батыс Қазақстан облысының «Ақжайығын» 3:0 есебімен сүріндірді.

Нәтижесінде турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Аталған турда «Ұлытау» «Ақтөбе-2» командасын 6:0 есебімен жеңсе, «Тараз» «Арысты» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді 9 тамызда «Қайсар-Жас» пен «SD Family», «Хан Тәңірі» мен «Оқжетпес», «Екібастұз» бен «Қайрат-Жастар» кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Ордабасы» алғашқы кездесуінде «Пюниктен» жеңілді