Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» көш басына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лиганың ІV турының екінші ойын күні өтті.

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» көш басына шықты
Фото: Kffleague.kz

Бұл күні жоғары орындардан көрінуді алдына мақсат еткен үш команда кезекті ойындарын өткізді. Олардың қатарында «Шахтер», «Тараз», «Тұран» командалары бар.

Екінші ойын күнінде алғашқы кездесу «Шахтер» (Қарағанды) - «Тобыл-Ж» (Қостанай) командалары арасында өтті. Матч барысында қостанайлық команда белсенді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсылас команда қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Қатарынан үш мәрте жеңіске жеткен олар 10 ұпаймен турнир кестесінде көш басына шықты.

Тағы бір ойында «Тараз» сырт алаңда Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасымен шеберлік байқасты. Олар қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп, екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін атты.

Ал түркістандық «Тұран» алматылық «Хан тәңірі» командасын 1:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде 9 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Ойын нәтижелері

30 сәуір

«Ақтөбе-Ж» - «Каспий-Ж» (Ақтау) 3:3

«Елімай-2» (Семей) - «Батыр» (Павлодар облысы) 0:2

«Арыс» (Түркістан облысы) - «Астана-Ж» 3:1

1 мамыр

«Шахтер» (Қарағанды) - «Тобыл-Ж» (Қостанай) 3:0

«Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Тараз» 2:1

«Тұран» (Түркістан) - «Хан тәңірі» (Алматы) 1:0.

Енді бұл турда 2 мамыр 18:00-де «Жайық» (Орал) - «Қайрат-Ж» (Алматы) командалары жасыл алаңға шығады.

Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.

 

Соңғы жаңалықтар