Футболдан бірінші лигада «Жетісай» «Алтаймен» тең түсті

Футбол мяч доп
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XIІІ туры мәресіне жетті.

Аталған турдың екінші ойын күні, 28 маусымда Түркістан облысының «Жетісайы» сырт алаңда Шығыс Қазақстан облысының «Алтайымен» кездесті. 

Биыл бірінші лигаға қосылған түркістандық команда жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Қазірге дейін 12 кездесудің 8-де жеңіске жетсе, 2-де тең түсіп, 2-де қарсыласына есе жіберді.

«Алтаймен» кездесу барысында түркістандық команда 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Нәтижесінде турнир кестесінде 26 ұпаймен қайтадан бірінші орынға көтерілді. Ақтаудың «Каспий» командасы да дәл осындай ұпай жинаған.

Сондай-ақ 28 маусымда елордалық «SD Family» алматылық «Хан Тәңірін» 3:0 есебімен жеңсе, Түркістан облысының «Арысы» өз алаңында «Ұлытауға» 1:4 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, аталған турда 27 маусымда Оралдың «Ақжайығы» Көкшетаудың «Оқжетпесіне» 0:2 есебімен есе жіберсе, ақтаулық «Каспий» «Түркістанды» 2:0, «Қайрат-2» Павлодар облысының «Екібастұзын» 3:0, «Тараз» «Ақтөбе-2» командасын 2:0 есебімен жеңді. 

Енді алдағы XIV тур ойындары 4 шілде күні өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар