Футболдан бірінші лигада «Жетісай» алтыншы мәрте жеңді

футбол
Фото: fc.jetisay/Instagram

 АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде «Жетісай» алтыншы мәрте жеңіске жетті.

Түркістан облысының командасы өз алаңында Қызылорданың «Қайсар-2» командасын қабылдады.

Екі команда былтыр екінші лиганың оңтүстік-батыс конференциясында сынға түсіп, алғашқы екі орынды өзара бөлісті.

Нәтижесінде бірінші лигаға жолдама алды.

Бүгінгі кездесу барысында түркістандық клуб қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша турнир кестесінде 19 ұпаймен ақтаулық «Каспий» екеуі көш басында келеді. 

Сондай-ақ, 24 мамыр күні өткен тағы бір кездесуде «Түркістан» өз алаңында «Арысты» 2:0 есебімен жеңді.

23 мамырда «Қыран» өз алаңында «Оқжетпестен» 0:1 есебімен жеңілсе, «Алтай» «Ақтөбе-2» клубын 4:1, «Ұлытау» Алматының «Қайрат-2» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, 22 мамырда «Каспий» «SD Family» командасын 2:0, «Тараз» «Екібастұзды» 2:1 есебімен жеңсе, «Ақжайық» пен «Хан тәңірі» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Соңғы жаңалықтар