Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін «Бавария» мен «Реал Мадрид» командалары кездеседі

Футбол
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойынында «Бавария» (Германия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі.

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан 9 сәуірде тікелей эфирде 23:45-те көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін он үш мәрте кездесті. Оның төртеуінде «Бавария» басым түсіп, біреуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында «Реал Мадридтің» мерейі үстем болды.

«Реал Мадрид» Еуропа чемпиондары кубогы (Чемпиондар лигасы) турнирінде 14 мәрте жеңімпаз атанды. Соңғы он жылда бес мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал «Бавария» аталған турнирде алты мәрте чемпион атанды.

Кездесуге германиялық клуб сапынан жарақатына байланысты бірқатар футболшы қатыса алмайды. Олардың қатарында қорғаушы Деотшанкюль Юпамекано, жартылай қорғаушы Лерой Зане, Серж Гнабри, Кингсли Коман және өзге де ойыншылар бар.

Испаниялық клубтан осындай себеппен қақпашы Тибо Куртуа, қорғаушы Давид Алаба кездесуге қатысудан тыс қалып отыр.

Сондай-ақ, алған ескертуіне байланысты қорғаушы Даниэль Карвахаль «Реал Мадридке» көмектесе алмайды.

Бұл командалардың қарымта кездесуі 8 мамырға белгіленген.

Айта кетсек, 1 мамырда жартылай финалдағы тағы бір кездесуде «Боруссия Дортмунд» (Германия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар