Футболдан чемпиондар лигасы: «Қайраттың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Алматының «Қайраты» өз алаңында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасымен қарымта ойын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан чемпиондар лигасы: «Қайраттың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

Айта кетсек, екі команда 7 шілдеде Израильдегі кездесуде 1:1 есебіне қанағат білдірді. Бүгін жеңіске жеткен клуб жарысты жалғастырады .

«Маккаби» (Хайфа) 1913 жылы құрылған. Өзінің тарихында Израильдің 13 дүркін ел чемпионы атанған.

2020/21 жылғы маусымда жеңімпаз тұғырынан көрінген олар бұл жетістігін тура он жылдан кейін қайталап отыр.

Еске салсақ, екі команда былтыр UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында кездесіп, израильдік клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Коронавирус жағдайына байланысты жеңімпаз бір кездесуден аяқталған болатын.

Бүгінгі «Қайрат» пен «Маккаби» (Хайфа) арасындағы кездесу елорда уақытымен 19.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.