Футболдан Чемпиондар лигасы ширек және жартылай финалдарының жеребесі тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы ширек және жартылай финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде алдымен ширек финалдағы қарсыластары анықталды.

Ширек финалда «Манчестер Сити» (Англия) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Порту» (Португалия) мен «Челси» (Англия), «Бавария» (Германия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары кездеседі.

Ал жартылай финалда «Бавария»/«Пари Сен-Жермен» жұбының жеңімпазы «Манчестер Сити»/«Боруссия Дортмунд» арасында жеңіске жеткен командамен ойнайды. Ал «Реал Мадрид»/«Ливерпуль» жұбының жеңімпазы «Порту»/«Челси» арасында жеңіске жеткен командамен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, 1/4 финал 6-7 және 13-14 сәуір күндері болады. Жартылай финал 27-28 сәуір және 4-5 мамыр күндеріне белгіленген.

Финал 29 мамырда Түркияның Стамбул қаласындағы «Ататүрік» олимпиадалық стадионында өтеді.


Соңғы жаңалықтар