Футболдан ел біріншілігінде «Ақтөбе» турнир кестесіндегі позициясын жақсартты

Аталған турда «Ақтөбе» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасынан 1:0 есебімен басым түсті.
Кездесу барысында ақтөбелік командадан Әлібек Қасым 14-минутта пенальтиден гол соғып, жеңіске жетті.
Аталған жеңістен кейін «Ақтөбе» 35 ұпаймен бірінші орында тұр. Басты қарсыласы - «Астанадан» 5 ұпайға ұзап кетті.
Қарағандының «Шахтері» сырт алаңда Түркістан облысының «Мақтаралын» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында Евгений Кобзарь 19, Рохер Каньяс 71-минутта мергендік танытты.
Нәтижесінде «Шахтер» 24 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.
Сондай-ақ, оралдық «Ақжайық» өз алаңында «Атырауды» 4:2 есебімен жеңді.
Енді аталған турда 27 тамызда «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тұран» (Түркістан), «Каспий» (Ақтау) мен «Қайрат» (Алматы), «Тараз» бен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары кездеседі.