Футболдан ел біріншілігі: «Қайрат» ХХІІІ-турда «Ақтөбені» қабылдайды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІІ-туры басталады.

Бүгін, 13 қыркүйекте сағат 17:00–де «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнайды.
Ал 18:00–де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жеңіс» (Астана), «Тұран» (Түркістан) мен «Ұлытау» (Жезқазған) жасыл алаңға шығады.
Ал 14 қыркүйекте 17:00–де «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе», 19:00–де «Астана» мен «Елімай» (Семей) шеберлік айқасады.
Сондай-ақ 16 қыркүйекте 15:00–де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.
Айта кетсек, қазір көш басында 46 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 46, «Тобылдың» 44 ұпайы бар.
Сұрмергендер көшінде Назми Грипши («Астана») 11 голмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Марин Томасов («Астана») пен Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 9 голмен келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Каспий» «Ертістен» басым түсті.