Футболдан ел чемпионатында «Ақсу» «Ақжайықтан» басым түсті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының 20-турында «Ақсу» Павлодарда «Ақжайықты» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші айналымда павлодарлықтар Оралда 1:0 есебімен жеңіп кеткен болатын.

«Ақсу» соңғы ойындарын нәтижелі өткізіп, турнир кестесінің ортасына орналасса, оралдықтар көш соңындағы қос команданың бірі еді.

Тартысты өткен матч тағдырын жалғыз гол шешті. Екінші таймда кейінгі кезде бабында жүрген Еркебұлан Тұңғышбаев мергендік танытып, өз командасына үш ұпайды әперді - 1:0.

Бұдан кейін павлодарлықтар ұпай санын 26-ға жеткізді.

Тағы бір ойында «Қайрат» Алматыда күтпеген жерден шымкенттік «Ордабасыдан» ұтылып қалды. Бұл матчта қонақтардан Максим Федин есеп ашса, «Қайраттан» Жоао Пауло таразы басын теңестірді. Алайда ойын соңына таман Акмаль Бақтияров жеңіс голын соқты - 2:1. «Қайрат» пен «Ордабасы» бесінші-алтыншы орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан чемпионатында «Ақтөбенің» «Астанадан» бес ұпайға ұзап кеткенін, сондай-ақ «Тұран» мен «Каспийдің» жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.





Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш.


Соңғы жаңалықтар