Футболдан Еуропа чемпионаты-2023: Қазақстан жастары Данияны қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 қыркүйекте 21 жасқа дейінгі жастар арасында футболдан 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан екінші ойынында Данияны қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Еуропа чемпионаты-2023: Қазақстан жастары Данияны қабылдайды

Аталған кездесу елорда уақытымен 20.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, Қазақстан жастары I тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бельгия, Дания, Шотландия және Түркия құрамалары.

Қазақстандық футболшылар бұған дейін биылғы жылдың 4 маусымында өз алаңында Бельгиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді.

Турнир кестесінде бір ойыннан кейін төртінші орында келеді.

Қазақстан іріктеу сатысында бұдан кейін алты ойын өткізеді. Биылғы 8 қазанда Бельгиямен сырт алаңа шеберлік байқасса, 12 қазанда өз алаңында Түркиямен жасыл алаңға шығады.