Футболдан Еуропа лигасы: «Барселона» өз алаңында тең ойнады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалы алғашқы ойындары өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысында сынға түсіп жатқан Испанияның «Барселона» жанкүйерлерді сүреңсіз ойынымен таңғалдырды. Испаниялық клуб өз алаңында Түркияның «Галатасарай» командасымен 0:0 есебіне қанағат білдірді.
1/8 финалдағы өзге ойындар нәтижесі төмендегіше:
«Аталанта» (Италия) – «Байер» (Германия) 3:2
«Барселона» (Испания) – «Галатасарай» (Түркия) 0:0
«Рейнджерс» (Шотландия) – «Црвена Звезда» 3:0
«Порту» (Португалия) – «Лион» (Франция) 0:1
«Бетис» (Испания) – «Айнтрахт» (Германия) 1:2
«Севилья» (Испания) – «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) 1:0
«Брага» (Португалия) – «Монако» (Франция) 2:0.
Енді олар 17 наурызда қарымта ойындарды өткізеді.
Жарыстың аталған кезеңінде Германияның «РБ Лейпциг» командасы Ресейдің «Спартак» клубымен кездесуі тиіс болатын. FIFA және UEFA шешімімен Ресей құрамасы мен барлық командасы барлық турнирден шеттетілді. Сондықтан германиялық клуб 1/4 финалға бірден жолдама алды.
Финал 22 мамырда Испанияның «Рамон Санчес Писхуан» стадионында болады.