Футболдан Қазақстан біріншілігі қашан жалғасатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан барлық деңгейдегі Қазақстан біріншілігінің қашан жалғасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім Қазақстан футбол федерациясы мен Кәсіпқой футбол лигасы басшыларының біріккен жиынында қабылданды. Оған ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин, КФЛ президенті Олжас Абраев, департамент жетекшілері қатысты.

Қазақстанда кәсіпқой және әуесқой командалары арасындағы ел біріншілігі, футбол, футзал және жағажай футболынан кубок турнирлері елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін қайтадан жалғасатын болады.

Ел біріншілігін жалғастырудың екі нұсқасы қарастырылды. Негізгі нұсқасы ретінде біріншілікті екі айналым бойынша өткізу ойластырылды. Қосымша нұсқасы ретінде биылғы доп додасын «күз-көктем» жүйесі бойынша ұйымдастыру жоспарланған. Қазақстан кубогы, бірінші және екінші лигада командалары арасындағы біріншіліктерді өткізу осындай нұсқалар бойынша жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігін өткізу екі турдан кейін белгісіз мерзімге кейін шегерілген болатын.


Соңғы жаңалықтар