Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ордабасы» өз алаңында «Тұранға» есе жіберді
Оңтүстік өлкенің қос командасы арасындағы кездесуде басты фаворит ретінде шымкенттік клуб аталған болатын. Өйткені, Премьер-лигаға биыл ғана қосылған түркістандық клуб өз ойынын таба алар емес. Нәтижесінде турнир кестесінде соңғы орынның бірінде тұрды.
Бүгінгі кездесуге «Тұран» тас-түйін дайын шыққан секілді. Азулы қарсыласынан қаймыққан жоқ. Ойынның 30-минутында түркістандық футболшы Темірлан Әміров алаң иелерінің қақпасын дәл көздеді.
Бүгінгі кездесуде «Ордабасы» қарсыласынан 0:1 есебімен басым түсті. Осылайша «Тұран» алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Кеше «Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» 2:0 есебімен сүріндірген болатын.
Одан кейін «Атырау» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Үшінші кездесуде «Тобыл» «Таразды» 3:0 есебімен жеңді.
Ал бүгін Алматының «Қайраты» Петропавлда «Қызылжармен» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Дәл қазір аяқталған тағы бір кездесуде Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуынан» 3:2 есебімен басым түсті.
Енді тағы бір ойында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары шеберлік байқасады.