Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ордабасы» жігерлі ойын көрсетті

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Ақтаудың «Каспий» клубы Алматының «Қайратына» 0:3 есебімен жол берді .
Одан кейін Талдықорғанның «Жетісу» және Шымкенттің «Ордабасы» командалары кездесті. Бұл ойында алдымен «Жетісу» сапынан Педро Эуженио 22, Мартин Тошев 28-минуттарда гол соғып кетті. Дегенмен оған 39-минутта Александр Симчевич бір голмен жауап қайырды. Ойынның екінші кезеңінде шымкенттік клуб сапынан 54-минутта Сергей Хижниченко, 63-минутта Жоао Паоло мергендік танытты. Нәтижесінде «Ордабасы» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бүгінгі ойындарды Жамбыл облысының «Тараз» және Петропавлдың «Қызылжар» командалары қорытындылады. Бұл кездесуде 0:0 есебі тіркелді.
Ал 19 тамызда Қарағандының «Шахтер» және Қызылорданың «Қайсар» командалары арасындағы кездесу болады.
Бұл турдағы Қостанайдың «Тобыл» және елордалық «Астана» клубтарының кездесуі кейінге қалдырылды.