Футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан кубогы іріктеу кезеңінің жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды.

футбол
Photo credit: Freepik

Жарыстың аталған сатысындағы жеңімпаз команда бір ойынның нәтижесімен аяқталды.

Ширек финалда қарсыласын жеңген AKAS, «Каспий», «Ертіс», «SD Family», «Талас», «Хан тәңірі», «Алтай», «Екібастұз» командалары жартылай финалға жолдама алды.

Ойын нәтижесі төмендегіше:

«Түркістан» - «SD Family» (Астана) 0:5

«Ертіс» (Павлодар) - «Шахтер» (Қарағанды) 2:1

«Каспий» (Ақтау) - «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) 2:2 (пенальтиден 6:4)

«Жас қыран» (Алматы) - AKAS (Алматы) 0:1

«Екібастұз» (Павлодар облысы) - «Мақтарал» (Түркістан облысы) 3:2

«Алтай» (Өскемен) - «Жетісай» (Түркістан облысы) 0:0 (пенальтиден 4:2)

«Тараз» - «Талас» (Жамбыл облысы)

«Ертіс» (Павлодар) - «Шахтер» 0:0 (пенальтиден 2:4)

«Хан тәңірі» (Алматы) - «Арыс» (Түркістан облысы) 0:0 (пенальтиден 6:5)

Енді жартылай финалда «Талас» пен «Хан тәңірі», «Алтай» мен «Екібастұз», AKAS пен «Каспий», «Ертіс» пен «SD Family» шеберлік байқасады. Бұл ойындар 18 және 19 наурыз күндері өтеді.

Осыған дейін футболдан Қазақстан жастар құрамасына кімдер шақыру алғаны туралы жазған едік.