Футболдан Қазақстан кубогында «Қайрат» пен «Тобыл» жеңіліп қалды
Аталған турды А тобындағы Павлодар облысының «Ақсу» және Алматының «Қайрат», С тобындағы «Мақтарал» (Түркістан облысы) және «Тобыл» (Қостанай) командалары түйіндеді.
«Ақсу» және «Қайрат» командалары 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Ойын барысында павлодарлық клубтан Дамир Марат 2-минутта есеп ашса, алматылық клубтан Еркебұлан Сейдахмет 24-минутта пенальтиден таразы басын теңестірді.
Еске салсақ, бұдан бұрын А тобында Шымкенттің «Ордабасы» өз алаңында «Атырауға» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ал «Мақтарал» Түркістан қаласында Қостанайдың «Тобылын» қабылдады.
Кездесу барысында түркістандық клубтан Рамазан Кәрімов 53-минутта соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.
Сондай-ақ, аталған топта «Ақтөбе» мен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Сондай-ақ, дәл сондай есеппен В тобында «Қайсар» (Қызылорда) өз алаңында «Каспий» (Ақтау) командасына жол берді.
Ал бүгін Оралдың «Ақжайығы» елордада Петропавлдың «Қызылжарын» ұтты.
D тобында елордалық «Астана» өз алаңында Түркістанның «Тұранынан» 2:1 есебімен басым түсті.
Аталған топтағы тағы бір кездесуде Қарағандының «Шахтері» Талдықорғанның «Жетісуын» 4:2 есебімен тізе бүктірген еді.