Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы қашан басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының ойын күнтізбесі толық белгілі болды.

Премьер-лига
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл жөнінде Kffleague.kz сайтында жарияланды.

Премьер-лига биылғы маусымының алғашқы турында 7 наурызда «Ақтөбе» - «Тобыл» (Қостанай), «Алтай» (Өскемен) - «Қайрат» (Алматы), «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) - «Ертіс» (Павлодар), 8 наурызда «Астана» - «Жетісу» (Талдықорған), «Атырау» - «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайсар» (Қызылорда) - «Жеңіс» (Астана), «Қызылжар» (Петропавл) - «Каспий» (Ақтау) ойнайды.

Екінші турда 14 наурызда «Қайсар» - «Астана», «Қайрат» - «Ақтөбе», «Тобыл» - «Жетісу», «Елімай» - «Алтай», 15 наурызда «Каспий» - «Оқжетпес», «Ертіс» - «Атырау», «Жеңіс» - «Ордабасы», «Ұлытау» - «Қызылжар» кездеседі.

Ал үшінші турда 19 наурызда «Оқжетпес» - «Ұлытау», «Ордабасы» - «Қайсар», «Жетісу» - «Қайрат», «Ақтөбе» - «Елімай», 20 наурызда «Алтай» - «Каспий», «Астана» - «Тобыл», «Атырау» - «Жеңіс», «Қызылжар» - «Ертіс» шеберлік байқасады.

Айта кетсек, биыл Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының күнтізбесін жасауға қатысты жеребе тарту рәсімінде жасанды интеллект технологиясын қолданылды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум