Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» жартылай финалға шыға ала ма

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында бүгін 1/4 финалда екі ойын өткізіледі.

Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ: «Челси» жартылай финалға шыға ала ма
Фото: championat.com

Алдымен 4 шілде 23:50-де «Флуминенсе» (Бразилия) мен «Аль-Хиляль» (Сауд Арабиясы) командалары кездеседі.

Ал 5 шілдеде 06:00-де «Палмейрас» (Бразилия) мен «Челси» (Англия) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 5 шілдеде 21:00-де «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Бавария» (Германия), 00:50-де «Реал Мадрид» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездеседі.

Әлем чемпионатының жүлде қоры – 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Доп додасында 32 команда сынға түседі.

Opta суперкомпьютері 2025 жылғы әлем чемпионатында қай команданың жеңімпаз атануы жөнінде болжам жасады.

Қатысушылардың турнирде жеңіске жету мүмкіндігін нақты есептеуді қалыптастыру үшін Opta 10 мың деректі орындауға мәжбүр болды. Аталған болжамға сәйкес чемпионаттың басты фавориті ретінде Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының мүмкіндігі 18,5% пайызға бағаланады.

Әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар