Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатын отандық екі телеарна көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың 15 маусым - 13 шілде аралығында АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетеді. 

футбол
Фото: Freepik

Дүбірлі доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан өнер көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.

Қатысушылардың арасында биылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы «ПСЖ» бар. Сонымен қатар еуропаның үздік клубтары «Реал Мадрид», «Манчестер Сити», «Бавария» және т.б клубтар турнирде бақ сынайды.

Чемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. 

Еске салсақ, бұған дейін клубтар арасындағы әлем чемпионатында қай команда жеңімпаз атануы мүмкін екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар