Клубтар арасындағы әлем чемпионатында қай команда жеңімпаз атануы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM - Opta суперкомпьютері 2025 жылғы әлем чемпионатында қай команданың жеңімпаз атануы жөнінде болжам жасады.

Клубтар арасындағы әлем чемпионтында қай команда жеңімпаз атануы мүмкін
Фото: Championat.com

Қатысушылардың турнирде жеңіске жету мүмкіндігін нақты есептеуді қалыптастыру үшін Opta 10 мың деректі орындауға мәжбүр болды. Аталған болжамға сәйкес чемпионаттың басты фавориті ретінде Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының мүмкіндігі 18,5% пайызға бағаланады.

Алғашқы ондықтағы командалар тізімі төмендегіше:

1. «Пари Сен-Жермен» (Франция) - 18,5%;

2. «Манчестер Сити» (Англия) - 17,8%;

3. «Бавария» (Германия) - 12,8%;

4. «Интер» (Италия) - 12,3%;

5. «Реал Мадрид» (Испания) - 9,8%;

6. «Челси» (Англия) - 8,4%;

7. «Боруссия Дортмунд» (Германия) - 5,4%;

8. «Атлетико Мадрид» (Испания) - 5,1%;

9. «Ювентус» (Италия) - 3,6%;

10. «Бенфика» (Португалия) - 3,3%..

Дүбірлі додада бақ сынайтын 32 команда төрт-төрттен топтарға бөлінді. Әрбір топтан үздік екі құрама 1/8 финалға жолдама алады.

Әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтеді.

Командалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:

А тобы: «Палмейрас» (Бразилия), «Порту» (Португалия), «Аль-Ахли» (Египет), «Интер Майами» (АҚШ)

В тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Ботафого» (Бразилия), «Сиэтл Саундерс» (АҚШ)

С тобы: «Бавария» (Германия), «Окленд Сити» (АҚШ), «Бока Хуниорс» (Аргентина), «Бенфика» (Португалия)

D тобы: «Фламенго» (Бразилия), «Эсперанс» (Тунис), «Челси» (Англия), «Леон» (Мексика)

Е тобы: «Ривер Плейт» (Аргентина), «Урава Ред Даймондс» (Жапония), «Монтеррей» (Мексика), «Интер» (Италия)

F тобы: «Флуминенсе» (Бразилия), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Ульсан» (Оңтүстік Корея), «Мамелоди Сандаунс» (Оңтүстік Африка)

G тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «Видад» (Марокко), «Аль-Айн» (БАӘ), «Ювентус» (Италия)

H тобы: «Реал Мадрид» (Испания), «Аль-Хилал» (Сауд Арабиясы), «Пачука» (Мексика), «Зальцбург» (Аустрия);

Соңғы жаңалықтар