Футболдан Конференция лигасында «Вест Хэм Юнайтед» плей-оффқа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Конференция лигасында «Вест Хэм Юнайтед» плей-оффқа шықты

Аталған турда В тобында Англияның «Вест Хэм Юнайтед» командасы тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы ағылшындық клуб өз алаңында Бельгияның «Андерлехтін» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша төрт ойында ұпай жоғалтпаған «Вест Хэм Юнайтед» плей-офф сатысына жолдамаға ертерек қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған топта Румынияның ФКСБ клубы Данияның «Cилькеборг» командасына 0:5 есебімен жол берді. Салдарынан олар небәрі бір ғана ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынды місе тұтып тұр.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

А тобы: «Фиорентина» (Италия) - «Хартс» (Шотландия) 5:1, «Истанбул Башакшехир» (Түркия) - РФШ (Латвия) 3:0

В тобы: «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) - «Андерлехт» (Бельгия) 2:1, ФКСБ (Румыния) - «Cилькеборг» (Дания) 0:5

С тобы: «Хапоэль Безр-Шева» (Израиль) - «Лех» (Польша) 1:1, «Аустрия» (Австрия) - «Вильяяреал» (Испания) 0:1

D тобы: «Ницца» (Франция) - «Словацко» (Чехия) 1:2, «Партизан» (Сербия) - «Кёльн» (Германия) 2:0

E тобы: «Вадуц» (Лихтенштейн) - «Днепр» (Украина) 1:2, «Аполлон» (Кипр) - «АP Алкмаар» (Нидерланды) 1:0

F тобы: «Шемрок Роверс» (Ирландия) - «Мольде» (Швеция) 0:2, «Юргорден» (Швеция) - «Гент» (Бельгия) 4:2

G тобы: «Балкани» (Косово) - «Сивасспор» (Түркия) 1:2, ЧФР(Румыния) - «Славия Прага» (Чехия) 2:0

H тобы: «Жальгирис» (Литва) - «Пюник» (Армения) 2:0, «Слован» (Словакия) - «Базель» (Швейцария) 2:1

Енді төртінші тур ойындары 27 қазан күні өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Еуропа лигасында «Арсенал» норвегиялық клубты жеңді.


Фото: whufc.com