Футболдан Конференция лигасының 1/2 финалына шыққан командалар анықталды

Жарысты жалғастыруға Англияның «Лестер Сити», итальиялық «Рома», нидерландтық «Фейеноорд» және франциялық «Марсель» мүмкіндік алды.
«Лестер Сити» ширек финалда Нидерландының ПСВ клубын 2:1 есебімен (бірінші ойын 2:1) сүріндірді. Ал «Рома», норвегиялық «Будё-Глимт» командасынан 1:2 есебімен (бірінші ойын 4:0) жеңілді.
«Фейеноорд» «Славиямен» 3:3 есебімен етң түсе (бірінші ойын 3:1), «Марсель» ПАОК клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді (бірінші ойын 1:0).
Енді жартылай финалда 27 және 28 мамыр, 4 және 5 мамыр күндері «Лестер Сити» мен «Рома», «Фейенорд» пен «Марсель» командалары кездеседі.
Конференция лигасының финалы 25 мамырда Албания астанасы Тирана қаласындағы «Арена Комбетаре» стадионында болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды.