Футболдан Лига кубогы: «Қайрат» «Ақжайықты» 9:0 есебімен жеңді

спорт
Фото: Қайрат футбол клубының Facebook парақшасы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Лига кубогы турнирі бірінші туры мәресіне жетті.

Аталған турнирдің соңғы екі ойынында А тобында «Тараз» бен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал) кездесті.

Биыл бірінші лигада ойнап жүрген тараздық футболшылар петропавлдық клубқа лайықты қарсылық көрсетті. Кездесу барысында алғашқы болып «Тараз» сапынан Абзал Мұқанбетжанов 13-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін «Қызылжардан» Борис Цмилянич 58, Ұлар Жақсыбаев 90-минутта екі гол соқты.

Осылайша петропавлдық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, аталған турнирді жеңіспен бастады.

Ал «Қайрат» өз алаңында «Ақжайық» қақпасына жауапсыз тоғыз гол соқты.

Кездесу барысында алматылық клубтан Жоао Паоло 38, 43, 74-минутта хет-триктің авторы атанды. Оған қоса Александр Широкобоков 13, Иброхимхалил Юлдошев 28, Вячеслав Швырев 33, Элдер Сантана 51, Әділет Сәдібеков 58, Георгий Зариа 78-минутта мергендік танытты.

Нәтижесінде «Қайрат» қарсыласын 9:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Сондай-ақ, «Жетісу» «Астананы» 2:1, «Каспий» «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңді.

25 мамырда В тобында «Жеңіс» «Тобылды», «Ақтөбе» «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді.

С тобында «Атырау» мен «Ордабасы» 0:0 есебіне қанағат білдірсе, Семейдің «Елімайы» Түркістанның «Тұранын» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді алдағы турлардың ойындары 6-7 шілде, 20-21 шілде күндеріне белгіленген.

Одан кейін жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда А мен В, С мен D топтарының жеңімпаздары кездеседі.

Жартылай финалда 10-11 тамыз бен 30 қазанда кездеседі. Финал 24 қарашаға жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар