Футболдан Лига кубогы: «Тобыл» «Жеңістен» жеңіліп қалды

спорт
Фото: FC AKTOBE

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Лига кубогы турнирі бірінші турының алғашқы ойын күні аяқталды.

Тұңғыш рет жалауын көтеретін турнирде 16 команда 4 топта сынға түсуде. Олардың әрқайсысы 3 ойыннан өткізеді.

Бұл күні астаналық «Жеңіс» өз алаңында Қостанайдың «Тобылын», «Ақтөбе» Қызылорданың «Қайсарын» 2:0 есебімен жеңді.

С тобында «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент) 0:0 есебіне қанағат білдірсе, Семейдің «Елімайы» Түркістанның «Тұранын» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ертең, 26 мамырда А тобында «Тараз» бен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақжайық» (Орал) командалары ойнайды.

Ал D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Астана», «Каспий» (Ақтау) мен «Шахтер (Қарағанды) сынға түседі.

 

Соңғы жаңалықтар